Алматыдан 275 шақырым жерде тағы да жер сілкінісі тіркелді
Сурет: wikimedia
Сейсмологтар 28 ақпан күні сағат 07.17-де магнитудасы 4,4 болатын тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан 275 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Энергетикалық класы: 9.9. Тереңдігі: 5 км.Дүмпуді сезу, құрбан болғандар немесе қираулар туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады сейсмикалық станциялар желісінің мамандары.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға сабыр сақтап, үрейленбеуді қатаң түрде ұсынады.
Бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісі туралы сейсмолог: Жағдай тұрақты, қауіп жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript