Алматыдан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 12:16 Фото: wikimedia
Қазақстандық сейсмологтар Астана уақытымен 11:05-те жер сілкінісін тіркеді. Мамандардың айтуынша, ол Алматыдан 122 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстанның сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. магнитудасы MPV – 4,3", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілмегені айтылды.

Индонезияның Серам аралында 5,4 балдық жер сілкінісі болды. Ықтимал құрбандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: