Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
Сурет: wikipedia
2025 жылы 19 наурызда Алматыдан 300 шақырым қашықтықтан қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақыты бойынша сағат 16:40-та жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай территориясында Алматыдан оңтүстікке қарай 301 шақырымда орналасқан.
"Есептік қарқындылығы (балл): ҚР аумағында сезілмеді", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 12 наурызда таңертең Қазақстанның оңтүстігінде екі ауданда жер сілкінісі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript