Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Сурет: Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы
Түркістан облысының Бәйдібек ауданының тұрғыны дүниеге үш ұл бла алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болған нәрестелер мерзімінен бұрын туылған.
Үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетті. Қазір балалардың жағдайы тұрақты.
Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.
Сурет: Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы
Бұған дейін екі баласы болған отбасы осылайша көпбалалы отбасыға айналды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript