Қазақстанда 291 босқын, 862 пана іздеуші адам тіркелген – Көші-қон комитеті

Босқын, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 18:23 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 291 босқын тіркелген. Олардың көпшілігі Ауғанстан (270), ҚХР (7), Сирия (5) және басқа елдердің (9) азаматтары. Бұл туралы ОКҚ-да өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сондай-ақ пана іздеген 862 адам тіркелген. Оның ішінде 588 адам Украина азаматтары, 226 адам Ауғанстаннан, 22 адам Ресей Федерациясының азаматтары және 26 адам басқа елдерден келген".Ілияс Испанов

Сондай-ақ ол бұл бағытта министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп БҰҰ стандарттарымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау жөнінде ұсыныстар әзірлейтінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: