Арыста көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық ерлі-зайыпты елден шығарылды

Арыста көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ерлі-зайыпты анықталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 00:08 Сурет: polisia.kz
Өзбекстандық ерлі-зайыпты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынан шығарылды және көлік полицейлері олардың елге кіруіне 5 жылға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптыны анықтап, ұстады. Олар Өзбекстан Республикасының 27 және 26 жастағы азаматтары болып шықты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысы Арыс аудандық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: