Алматыдағы "Южный" паркі реконструкцияланады
Сурет: Instagram/south_park_almaty
Алматыдағы «Южный» саябағы 2024 жылы қайта жаңартылады. Саябақ қалаға қайтарылды, қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастырып жатыр.
Сондай-ақ, қалада бірнеше қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады.
Алматыдағы «Южный» саябағы 2024 жылы қайта жаңартылады. Саябақ қалаға қайтарылды, қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Бұл туралы Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
"Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарға енген. Жаңа жобалар: Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (№1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейін ұзындығы 7,1 км), бұрынғы Резиденция орнындағы саябақ, Тұңғыш Президент саябағы, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ." Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша Жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер телімін қаланың балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript