Алматыда тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы ашылады

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, садики, дети, няни, няня, детсад, детсады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 10:54 Фото: Zakon.kz
Жетісу ауданында заманауи инновациялық шығармашылық орталығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Бұған дейін Жетісу ауданында мұндай шығармашылық даму орталығы болмаған.

"Алғашқы инновациялық шығармашылық орталығы Айнабұлақ шағын ауданында салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу аяқталып, 2025 жылдың шілде айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шықпақ", – деді қала басшысы.

Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың төртінші тоқсанында байқау рәсімдерінен кейін басталады.

Айта кетейік, осындай орталықтар Алматының Наурызбай және Алатау аудандарында ашылған. Әр орталық аптасына 5 000 балаға дейін қабылдай алады.

Қазіргі уақытта шаһарда 28 680 бала білім алатын 19 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: