Ұлытау облысының тұрғындары жылқыларына жарық шағылыстыратын алқа тағып жатыр
Сурет: polisia.kz
Ұлытау облысының тұрғындары жылқыларына жарық шағылыстыратын алқа тағып жатыр, бұл малдың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алу үшін жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар жол бағытында 355 шақырымға созылған Жаңаарқа – Жезқазған тас жолының бойында көліктер жылқымен жиі соқтығысып жатады.
2022 жылы Ұлытау облысы бойынша 16 көлік, ал биыл екі көлік төрт түлік малға соқтығысқан.
"Қараңғы мезгілде малды жол маңында жаюға, қараусыз қалдыруға тыйым салынған. Алайда бұл талаптар мал иелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмайды. Көлік жолында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығу салдарынан болып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатады. Жарық шағылыстыратын алқа тағудың маңызы зор. Ол жол апатының алдын алуда, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз жүруіне әсерін тигізеді". Түгіскен ауылының учаскелік полиция инспекторы Жалғас Ахметжанов
Шаруа қожалық иесі Асылғазы Кенжетаев полиция қызметкерлерінің бұл бастамасын қолдап, жылқыларына осындай жарық шағылыстыратын алқа таққан.
"Қазір міне, түнгі мезгілде жылқыға көліктің жарығын түсіріп, тағылған алқалардың сынап жатырмыз. Нәтиже жаман емес, жылқы мойындағы жарық шағылыстырғыш алқа алыстан жарқырап көрінеді. Асылғазы Кенжетаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript