Синоптиктер елімізде 33 градус ыстық пен жауын-шашын болатынын болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 11:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 25-27 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтеріледі:

"Ауа температурасы күндіз батыс өңірде 23-30 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 20-27 граудсқа дейін, шығыста 15-23 градусқа, оңтүстікте 25-33 граудсқа дейін, оңтүстікте – шығыста 17-25 гарудсқа дейін көтерілетіні болжанды""Қазгидромет" РМК

Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын, оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста – қатты жауын-шашын болады.

"Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болжанбайды". "Қазгидромет" РМК

Республикада, синоптиктердің хабарлауынша, тұман, жел күшейеді, батыста және оңтүстік облыстарда – найзағай, шаңды дауыл, шығыста – түнде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: