Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында 155 адам қандас мәртебесін алды

Ақмола облысы, қандас, квота, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 12:17 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина қандастардағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, басты міндет – қандастарды жұмысқа орналастыру.

"Тәуелсіздік алғаннан бері облысқа 40 мың қандас келді. Бүгінгі таңда 155 адам кандас мәртебесін алды. Қандастардың басым бөлігі Моңғолиядан – 66 адам, Ресейден – 35 және Қытайдан – 39 адам. Қандас мәртебесі берілгеннен кейін олар қандас мәртебесін алудың аймақтық квотасына енгізіледі. Ағымдағы жылы 270 қандас квота алады, оған 35 отбасы кіреді, оның ішінде Целиноград қаласында 53 адам, Көкшетауда 13 адам, Степногорск, Қосшыда 5 адам, Зерендіде, Бурабайда екі адамнан, Бұландыда, Астраханда, Ақкөлде – бір адамнан", – деді Шолпан Салыққызы.

Қандастарды қабылдаудың облыстық квотасы енгізілген еңбек жасындағы 40 адамның 12-сі балабақшаға жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ ол қандастарды материалдық мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.

"Қандастар аймақтық квотаға енгізілген кезде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады, дәлірек айтсақ, отбасының әрбір мүшесіне қоныс аударуға 241 500 теңге субсидия төленеді. Қалаға көшкендердің тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық төлемдерді төлеу шығындары өтеледі. Аудан бойынша орташа есеппен 90 мың теңге төленеді.Ауылға қоныс аударғандар үшін бір отбасына орташа есеппен 69 мың теңге төленеді", – дейді Шолпан Рахматулина.

Қазіргі уақытта Түрікменстаннан этникалық қазақтарды қабылдауға өтініштер түскені, олардың саны 329 екені хабарланды. Бұл адамдарды облыстың сегіз ауданы мен Көкшетау қаласына қоныстандыру жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: