Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау шаралары жалғаса береді

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау шаралары жалғаса береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 16:22 Сурет: akorda.kz
Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, оның ішінде Президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.

Барлық жұмыспен қамту шаралары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жасалады.

Бұл туралы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірманов Ғалижан Советұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

2023 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында құрылатын 67 968 жұмыс орнының 65 722 құрылып, 96,7% орындалды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 62 274 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 99 %-ға орындалды. Ал субсидияланатын жұмыс орындарына 15 084 адам орналасып, бекітілген жоспар 111,8 %-ға орындалып отыр. Жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға 284 адам жолданды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге 190 отбасы, 605 адам қоныс аударды.

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау шаралары жалғаса береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 16:22

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ал, биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 58 340 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,5 млрд.теңге қаржы қарастырылған.

Жыл басынан жалпы еңбекке қабілетті 10236 адамның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2162 адам тартылған. Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 78,9% құраған.

Басқарма жұмысының үшінші бағыты - мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Бүгінге облыс көлемінде 45 601 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл санаттағы азаматтардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына бюджеттен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Өткен жылы 1,9 млрд. теңге қарастырылған болатын.

Өңірде мемлекеттік қолдау шараларынының нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында қызметтер көрсететін мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: