Ақтөбе облысында 3 ауыл жарты айдан бері жарықсыз отыр
Сурет: видео скрині
Ақтөбе облысында 3 ауыл екі аптадан бері жарықсыз отыр. Өйткені 15 күн бұрын дауылда қирап қалған электр бағаналарын мамандар қалпына келтіріп үлгермей жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұмалыкөл, Жаныс би мен Шеңбертал ауылдарында дүлей дауылы 70-тен аса электр бағанасын құлатып кеткен. Әр ауылға 12 электрик-монтердан тұратын қос бригада жіберген.
Электр сымдарын тарту жеңіл болғанымен, құмды жерге бағана орнату қиынға соғып жатыр. Шенеуніктер бірер күнде 3 ауылға жарық беріледі деп сендірді.
"Бірден тұрғыза алмайды ғой. Ол бір күнде істеп тастайтын жұмыс емес. Материал жеткізеді, бағанасын тұрғызады. Рұқсат алуы керек деген сияқты. Әлеуметтік нысандар генератормен отыр. Ал халық жарықсыз отыр".Ақтөбе облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript