Ақтөбе облысында 21 ауыл әлі жарықсыз отыр

Ақтөбе облысының тұрғындары жарықсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 10:51 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында жарықсыз қалған 40 ауылдың 19-ына электр энергиясы берілді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кешегі жаңалықтарымызда қолайсыз ауа райының салдарынан облыстың 7 ауданында жарық өшкенін көрсеткен едік. Қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген. Кейбір елдімекендерде бағаналар құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жауаптылар кешке дейін Мәртөк ауданында жағдай толықтай қалыпқа келтірілгенін хабарлады.

Қалған ауылдарда да жөндеу жалғасып жатыр. Электр энергиясы бүгін барлық ауылға толық берілуі тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: