Көкшетауда зират маңындағы қапшықтан адамның сүйектері табылды
Сурет: видео скрині
Көкшетауда ескі зират маңынан қапшыққа салынған адам сүйектері табылды. Оны сол маңды жинастырып жүрген тұрғындардың бірі көріп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл қорымға қазір адам жерленбейді, тұрғындар туыстарының мазарын тазалауға келген. Осы сәтте бір әйел ағаш арасында жатқан қапшықты ашып қараған. Сөйтсе ішіне адамның басы мен өзге де сүйектер салынған екен.
Тұрғындар бірден полицияға хабарлапты. Қазір тәртіп сақшылары сараптама жасап, қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.
"Көкшетау полиция бөліміне хабар жетісімен, жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Қазір қапшыққа салынған сүйектер сотмедициналық сараптамасына жіберілді. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады".Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript