"Шатырдан да шыққан". Оралда ескі үйді сүру кезінде адам сүйектері табылды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 22:57 Сурет: Zakon.kz
Оралда құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылды. Құрылысшылар ескі үйді бұзып жатып, адам қаңқаларына тап болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан кейін олар тәртіп сақшыларына хабарласты. Қазір табылған сүйектер сараптамаға жіберілді. Егер сүйектердің осы жерде 60 жылдан астам уақыт бойы жатқаны анықталса, қылмыстық іс жабылады, - дейді полиция. Бір қызығы, адам қаңқалары бұзылған үйдің шатырынан да табылған. Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Орал қаласын қорғау үшін кезінде осы жерден бекініс салынған көрінеді. Демек, бұл сол кезде қаза тапқандардың мүрдесі болуы да мүмкін. Әрі бір ғасыр бұрын осындағы шіркеулердің қасында қорым болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Азамат соғысы кезінде қызыл әскерлер жау деп күдіктеніп, жергілікті оралдықтарды жазықсыз айыптап атып өлтірген. Бұлар шамасы сол құрбандардың бірі болуы да мүмкін. Шамасы соларға жан ашыған тұрғындар мүрдені өзінің ауласына көміп, сырт көзден жасыруы да мүмкін. Тарихшы Владимир Кутищев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: