Алматыда сауда бутигін жөндеу кезінде оқ-дәрі толы рюкзак табылды
Сурет: Zakon.kz
Алмалы ауданындағы Сейфуллин даңғылының бойында ерекше олжа табылды. Жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан жасыл рюкзак тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде бутиктің артқы есігі үнемі ашық тұрған, оған кез келген адам кіріп-шығып жүре беретін болған. Толы рюкзактан полицейлер мылтық және тегіс ұңғылы қаруға арналған әртүрлі калибрлі бірнеше ондаған патрондарды тауып, тәркіледі.
Бутиктің үстіңгі қабатында хостел бар, мұнда сондағы қонақтардың бірі рюкзакты арнайы жасырып кеткен деп болжауға болады. Мұның бәрі оқ-дәрілер табылғаннан кейін басталған тергеу барысында белгілі болады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript