Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл ауданында еуропалық үлгідегі этно-туристік демалыс аймағы ашылды

Жамбыл облысы, этноауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:06 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ZHEIF-2023 халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Almaly resort этно-туристік демалыс аймағы ашылды.

"Фортис Констракшн" ЖШС Гродекова ауылдық округі аумағынын ашылған демалыс орталығына бүгінге дейін 700 млн теңге инвестиция салған. Нысанға 10 шақырым электр желісі жүргізіліп, жобада көзделген ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді.

Жамбыл облысы, этноауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:06

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Құрылыс жұмыстарына 60-80 азамат жұмылдырылған. Жер аумағы 9.6 гектарды құрайды.

Жамбыл облысы, этноауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:06

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы, этноауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:06

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Фортис Констракшн" ЖШС басшысы Досан Рымтаев қонақтарға еуропалық үлгіде салынған орталықтың мүмкіншілігін жан-жақты таныстырып өтті.

"Облыс тұрғындары мұнда таулы аймақтың табиғатын тамашалай алады. Жоба толығымен аяқталғанда, орталық бір мезетте 250 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Демалыс орталығында тек қана жазда ғана емес, жыл он екі ай демалуға жағдай жасалуда. Қыс мезгілінде тау бөктерінен шанамен сырғанауға арналған жобаны іске қосамыз. Барлық ғимараттар ауыз су, жылумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, атпен саяхат, квадроциклмен серуен ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, 10 киіз үй тігілуде. Жергілікті тұрғындар үшін бағаның қолжетімділігіне назар аударатын боламыз", – дейді Д. Рымтаев.

Сонымен қатар, мұнда 70 адамға арналған 7 котедж, 8 қонақ үй, еуропалық моншалар, 150 адамды тамақпен қамтамасыз етуге арналған кафе-мейрамхана, техникалық және сервимстік нысан, үлкен және орташа бассейнн, футбол, тенис алаңдары, 120 адамға арналған ашық демалыс орны, ат спорты алаңшасы, балық өсіруге арналған тоған салынған.

Жамбыл облысы, этноауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 16:06

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс жұмыстарын небәрі 10 айда жүргізген серіктестіктің басшысы алдағы уақытта да орталықты түрлендіре түсуге, бірқатар құрылысты аяқтауға 300 млн теңгедей қаражат жұмсалатынын айтып өтті.

Қонақтар орталықтағы жұмыстарды жақсы бағалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: