Алматыдағы Сайын көшесіндегі жолайрық қашан аяқталады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сайын көшесіндегі жолайрық 2023 жылы аяқталады. Бұл туралы 27 сәуірде Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысы Алматыдағы Сайын көшесін ұзарту жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланғанын, ал 2024 жылдың II тоқсанында Сайын және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық салу көзделгенін айтты.
"Соның нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды"Ерболат Досаев
Ал 17 сәуір күні Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript