Тамақты оң қолмен жеу міндет пе
Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында оң қолмен тамақтанудың жөні туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Тамақты оң қолмен жеу – Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті. Хадисте Алла елшісі (с.а.с) «Кімде-кім тамақ жесе, оны оң қолымен жесін. Су ішсе, оң қолымен ішсін. Өйткені шайтан сол қолымен жейді, сол қолымен ішеді» деген.
- Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) Омар бин Әби Сәламаға (с.а.с) «Әй, бала! Тамақ жегенде Алланың атымен баста, оң қолыңмен же және алдыңнан же» деген.
"Имам ән-Науауи осы хадистегі сол қолмен ішіп-жеуден тыюға байланысты: «Оң қолмен ішіп-жеу – мұстахаб, сол қолмен ішіп-жеу – мәкрүһ. Егер адамның оң қолында мүгедектік, науқастық секілді үзір болса, оған сол қолмен жеу мәкрүһ болмайды», деген түсіндірме берген", - делінген ҚМДБ бөліскен "Иман" журналының №3 санында.
Демек оң қолмен ішіп-жеу – Пайғамбарымыз (с.а.с) сүннеті. Ал ешбір үзірсіз сол қолмен ішіп-жеу –сүннетке қайшы әрі мәкрүһ.
"Сондықтан мұсылман сүннетке сай оң қолымен жеуге әдеттенуі керек. Егер оң қолмен жей алмайтындай үзірі болса ғана сол қолымен жеуге рұқсат етіледі", - деп түсіндірді ҚМДБ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript