Алматыда және тағы 6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 23:11 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты елдің 7 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының шығысында найзағай күтіледі. Тәңертең және күндіз облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: