Кентауда ер адам аулада ойнап жүрген қызды себепсіз ұрып-соққан

Кентау, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 23:51 Сурет: instagram.com/nemolchikz_official/
Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірімді ұрған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 26 сәуірде сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді.

Тексеру барысында сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: