Түркістандық тұрғын өзімен психотроптық дәрі алып жүрген

Есірткі сақтаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 10:20 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері психотроптық дәрі алып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов барлық қала, аудан полицейлеріне “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды, деп жазады Polisia.kz.

Осы бағытта іске кіріскен жеке құрам түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда жұмыс атқаруда. Мәселен, Келес АПБ тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен сұхбаттасуды ұйымдастырып, профилактикалық іс-шара өткізді.

Кезекті ер адаммен тілдесу барысында оның өзін ұстай алмай, бір жерде тұра алмағанына күмәнданып, оның жеке басын анықтады.

Осылайша тұрғынның қалтасынан құрамында есірткісі бар трамадол дәрілері тәркіленді.

Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: