Қазақстандық каратэшілер Испанияда 2 медаль жеңіп алды

Испанияның Ла-Корунья қаласында өтіп жатқан WKF каратэден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирге барлығы 72 елден 2 627 татами шебері жиналған, соның ішінде Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі де бар.
Жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама спортшылары 2 жүлдеге қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Биғабыл чемпион атанса, әйелдер арасында 68 келіде Нұрия Тізімбай қола жүлдеге ие болды.
Турнир 30 сәуірге дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript