Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте ҚР азық-түлік қауіпсіздігін нығайту шаралары талқыланды

Үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2023 09:40 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Канада, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшілері, АҚШ сауда палатасының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен бірқатар жеке компания басшылары қатысты.  

Премьер-министр Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Республика астық дақылдарын экспорттайтын әлемдегі 10 ірі ел қатарында. Атап айтқанда, былтыр Қазақстан алғаш рет посткеңестік елдерді артқа тастап, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде 32-орынға жайғасты. 

"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саясаты ең алдымен, ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Былтыр 2024 жылға дейінгі Азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын қабылдадық, ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында 2030 жылға дейінгі АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда".  Әлихан Смайылов

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі — климаттың өзгеруіне бейімделу процесі. Бұл мақсатта Қазақстанда баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңімен көшу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

"Сондай-ақ біз үшін су және жер ресурстарын тұрақты басқару — өте маңызды бағыттар. Қазір Президент тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр. Егін алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда және суармалы жерлерді ұлғайту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылып жатыр", - деді ол.    Әлихан Смайылов

Премьер-министр бұл бағытта ескі суару жүйелерін жаңғырту жобаларының да жүзеге асырылып жатқанын, сонымен қатар жаңа ирригациялық нысандар құрылысы жоспарланып отырғанын айтты. 

Кеңеске қатысушылар сүт өндірісін және ҚР ауыл шаруашылығы саласының басқа да секторларын дамыту, өнімдердің импорты мен экспорты, мемлекеттік реттеу, субсидиялау, инвестиция тарту, тауар биржаларының қызметі, инновациялар енгізу, салалық білім беру және басқа да мәселелерді талқылады. 

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр қатысушыларға ризашылығын білдіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі нығайту үшін кеңесте айтылған барлық ұсыныстың жан-жақты пысықталатынын айтты. 

"Бүгінде АӨК саласында инвесторларға салықтық, кедендік преференциялар және басқа да қолдау шаралары қарастырылған. Үкімет экономикадағы бизнес ортаны және инвестициялық ахуалды, оның ішінде, АӨК саласын жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастырады".Әлихан Смайылов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: