Тоқаев Астанадағы саябақта ағаш отырғызды
Суре: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы саябаққа ағаш отырғызды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.
Сенбілікке волонтерлер мен студенттер де белсенді атсалысты.
Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.
"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

