Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Атырау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда найзағай күтіледі.
Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 25 м/с.
Павлодар облысының тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
30 сәуірде күндіз, 01 мамырда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.