Алматылық жас өнерпаздар тау халықтарының биін билеп, қала әкімін риза қылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 2023 жылғы 1 мамырда қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі алматылық өнерпаз балалардың Ерболат Досаевқа лезгинка биін билеп берген бейнежазбасын бөлісті. Бейнежазбадан әкімнің жас бишілерді ынта-шынтасымен қолдап, қол соғып, риза боп тұрғанын көруге болады.
2023 жылғы 27 сәуірде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай оңтүстік астанада қандай іс-шаралар жоспарланғанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript