Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да университеттік ғылымға баса назар аударылмақ

Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 19:00 Сурет: Университтетің баспасөз қызметінен алынды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек БҚО-ға келген сапарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне арнайы соғып, оқу-ғылыми нысандарын аралап, жастармен және ғалымдармен кездесті.
Ол білім ордасындағы "Жәрдем-Вет" оқу-ғылыми өндірістік орталығы, Ихтиология және аквакультура зертханасы, Сынау орталығындағы ғылыми зертханалар, Жастар бастамасын дамыту орталығы, "Жәңгір хан" спорт клубының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ғылым және білім беру бағыттары бойынша көрме жұмысын аралап, университет дамуының экономикалық көрсеткіштері, білім берудің сапасы, ғылыми бағыттар бойынша жасалып жатқан жұмыстардан хабардар болды.

Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 19:00

Сурет: Университтетің баспасөз қызметінен алынды

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы, биотехнология, биомедицина, генетика, селекция салаларында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сол өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болу үшін алдымен тіл білу керек. Өйткені бұл салалардағы мақалалар, ізденістер, жобалар ағылшын тілінде жазылады. Мемлекет басшысы 12 сәуірде өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында елімізде ғылым моделі өзгеретінін айтты. Енді алдағы 5-7 жылда университеттік ғылымға баса назар аударылатын болады. Соның ішінде ғылыми кадрлар даярлау, зертханалардың жұмысын күшейту, жарияланымдардың сапасын арттыру, жаңа ғылыми бағыттарды ашу, қолданбалы коммерцияландыру жобаларына бет бұру – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Оқу орнында өндіріс ошақтарымен байланыс орнатылған. Шағын инновациялық өндірістеріңіз бар. Осы негізгі бағытты ұстана отырып, жұмысты жалғастыру керек, – деп сөзін сабақтаған министр Жәңгір хан университетінің ғылыми әлеуетіне оң бағасын берді.
Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 19:00

Сурет: Университтетің баспасөз қызметінен алынды


Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды дамытуға өз үлестерін қосып жүрген университет ғалымдарын "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен және ҚР Ғылым және жоғары білім миниситрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Ғылыми дәрежелері Қазақстан Республикасында танылған қос ғалымға дипломдары табысталды.

Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 19:00

Сурет: Университтетің баспасөз қызметінен алынды

Атап өтер болсақ, сынау орталығының директоры Индира Бейшова "Биология ғылымдарының докторы", ал "Ветеринарлық және биологиялық қауіпсіздік" жоғары мектебі доцентінің м.а. Светлана Баянтасова "Ветеринарлық ғылымдар кандидаты" болып танылды.

Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 19:00

Сурет: Университтетің баспасөз қызметінен алынды




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: