Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында 48 баласы бар отбасы тұрады

48 баласы бар отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 23:58 Сурет: видео скрині
Қостанай облысындағы Лисаков қаласында 48 баласы бар отбасы тұрады. Ерлі зайыпты 45 бала асырап алған, үшеуі өз балалары, Zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың алды студент атанып, жоғары оқу орнында оқып жатса, кенжесі 3 жаста. Қазір бұл үйден 32 бала мектепке барады. Рустам мен Гуля Шүкіровалардың бар арманы – балаларына дұрыс тәрбие беріп, оларды өсіріп, жеткізу. 
"Бала тәрбиесінде ертеден қалыптасқан дәстүріміз бар ғой. Соны ғана ұстанамыз. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру. Қамыққанға қамқор, жабыққанға жанашыр болу. Бірінші кезекте осы құндылықтарды саналарына сіңіруге тырысамыз". Рустам Шүкіров
Рустам мен Гуля да көпбалалы отбасында өскен. Алғаш 1998 жылы Лисаковтағы жетімдер үйінен Гуля бірден 7 баланы алып шыққанда Рустам қарсы болмапты. Одан кейін жыл сайын қосылып, бала саны 48-ге жетіпті. Олардың үшеуі – өз балалары есейіп, ер жеткен.

Рустам – жеке кәсіпкер. Сауда орталығы бар. Бұрын сатып алған 5 қабатты үйдің екінші қабатында бала-шағасымен тұрады.
"Жеке коттедж учаскеміз де бар. Сиыр, қой, ешкі, тауық, үйрек ұстаймыз. Туған 2 балам соның басында. Басқалары да сол жаққа барғанды қызық көреді". Рустам Шүкіров
Ал Гуля үй шаруасында. Бау-бақша баптап, ас мәзірін дайындап, балаларға қарау – күнделікті тірлігі. Әрине, бойжеткен қыздары көмектеседі. "Біреуі сырқаттанып қалса, алаңдап, ұйықтамайтын кездерім болады" дейді.
"Бұрын аздау болғанда әр туған күнді жеке атап өтетінбіз. Қазір ай сайын 7-8 туған күннен келеді. Сондықтан әр айдың бір күнін таңдап алып, қосып тойлаймыз. Бір-бірімізге сыйлықтар жасап, тәтті тоқаш, бәліштер пісіреміз". Рустам Шүкіров
Қазір 48 баланың сегізі – студент. Біреуі ақылы оқиды. Алдағы 2 жылда тағы 12 баласы мектеп бітірмек. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: