Шымкентте психикалық ауытқуы бар адам қалай алты бала асырап алған
Сурет: видео скрині/КТК
Шымкентте психикалық ауытқуы бар адам алты баланы қалай асырап алған? Балалардың құқығын қорғау комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Алты баланы бұл азамат өзінің отбасында тәрбиелеген. Екеуі асырап алынған, қалған төртеуі қамқоршылық, қорғаншылық органдарында. Баланы осы отбасыға орналастырғанда ол азаматтың тарапынан тапсырылған құжаттарда талапқа сай толық сәйкестік болды. Бала құқығын қорғау комитеті қазір бұл мәселені тексеріп жатыр". ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан
Шымкенттегі сұмдық жайтты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жариялаған. Балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар оларды ит-мысықпен бірге ұстап, жануарлардың зәрін ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі аяқталған жоқ.
Балаларды асырап алу немесе оларға қорғаншылық, қамқоршылық тағайындау кезінде комитет қызметкерлері қателік жібергені анықталса, олар жазасыз қалмайды, деді балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript