Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жеміс-жидек көп өндірілгенімен, оны сақтайтын орын жоқ

жеміс-жидек, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 00:26 Сурет: pixabay
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, Қазақстан көкөністердің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Мәселен, 2022 жылы 4,1 млн тонна картоп, 621 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 551 мың тонна қырыққабат өндірілді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін өндірудің едәуір көлеміне қарамастан, қыс-көктем кезеңінде сақтау қуатының төмендігіне байланысты нарықта отандық көкөністер ұсынысының төмендеуі байқалады. Бұл нарықта импорттық өнімнің өсуіне және маусымаралық кезеңде бағаның көтерілуіне әкеледі.

"Бұл мәселенің шешімі – көкөністерді сақтау қуатын арттыру, бұл отандық өнімнің бір бөлігін маусымаралық кезеңде сақтауға және сатуға мүмкіндік береді". Ербол Қарашөкеев

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 1 952,8 мың тонна болатын 1 208 көкөніс қоймасы, оның ішінде 770 көкөніс қоймасы, 382 картоп қоймасы және 55 жеміс қоймасы бар. Көкөністерді сақтау сыйымдылығын арттыру мақсатында 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.

Кешенді жоспар аясында 2021-2022 жылдар аралығында жалпы сақтау көлемі жоспарланған 181,5 мың тоннаның орнына 200,8 мың тоннаға 37 жоба жүзеге асырылды. Осылайша, жоспарланған көрсеткіштер 110%-ға орындалды. 2023 жылдың соңына дейін 111,5 мың тонна өнімге 29 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл ретте сақтау қуаттарымен қамтамасыз ету бойынша нақты көріністі белгілеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, санаттары бойынша бөлініп, барлық қоймаға тексеру жүргізетін болады, оның қорытындысы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, қоймаларды салуды ұлғайту жағына қарай қайта қаралады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: