Жаңалықтар тізбегі
0

4 мамыр күні Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, үскірік, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 17:23 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 4 мамыр күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында жаңбыр жауады, ауық-ауық жаңбыр күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман болжанды.
"Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Қостанайда топырақ бетінде, солтүстікте, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1-6 градус үсік жүреді", – деді синоптиктер.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с, күндіз таулы аймақтарда 30 м/с-ке болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Айнымалы бағыттағы желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +20+22°С.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: