Алматыда тегін секция мен үйірмелерге жазылудың бірінші кезеңі аяқталды
Сурет: pixabay
Бұл ақпаратпен әлеуметтік желіде QaztiQet ЖШС, яғни DamuBala жүйесін әзірлеушілер бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді қаланың әр ауданы бойынша ваучер қажеттілігін бағалау процесі аяқталғаннан кейін онлайн кезекке тұру қызметі қайта іске қосылады.
"Алматыда 15 000 ваучерге үміткерлер 46 минутта кезекке тұрды. Бүгін сағат 18-46-да Алматы бойынша кезек құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың мақұлдауымен тегін секция мен дайындық үйірмелерін 15 мың орынға дейін ұлғайтылды", делінген хабарламада.
Кезекке тұрудың келесі кезеңінің басталу күні алдын ала хабарланатындығы да ескертіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript