Ақтауда жас жігіт 6-қабаттан секіріп қаза болды

Ақтаудағы 4-шағын ауданда жасөспірім тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 мамыр күні 07:20-да түскен.
"Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды". Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ресми емес ақпарат бойынша, марқұм 16 жаста болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript