Алматыда үсік қайтып, күн жылына бастайды
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Алматыда күн қашан жылынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
5 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады, күндіз 12-14 градус жылы.
6 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 17-19 градус жылы.
7 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 18-20 градус жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript