Үсік, жауын-шашын және тұман: 16 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қалай құбылады
Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы сенбі, 2023 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, елімізде үсік жүреді, тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстікте, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыста – екпінді жел, орталықта – бұршақ, батыста, солтүстік, солтүстік-батыста, орталықта – тұман болжанды". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Орталықта, шығыста, Қызылорданың оңтүстігінде, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
"Ақмола облысының солтүстік-шығысында және Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде -1°C үсік жүреді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
16-18 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ылғалды қар, бұршақ жаууы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript