Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы күндері күн райы қалай құбылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Синоптиктер 2023 жылғы 14-16 қыркүйек күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
14 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +13+15°С.
15 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +15+17°С.
16 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +16+18°С.
Алматы
14 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.
15 қыркүйек – бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.
16 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, кей кезде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.
Шымкент
14 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С.
15 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +26+28°С.
16 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +27+29°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript