Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш мегаполисінде 7-9 қыркүйекте күн райы қалай құбылады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 15:52 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Синоптиктер Қазақстанның үш мегаполисіндегі 2023 жылғы 7-9 қыркүйекке арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +16+18°С.

8 қыркүйек – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С.

9 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Алматы

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +24+26°С.

8 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің найзағай кезінде екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

9 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

Шымкент

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.

8 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

9 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: