Жаңалықтар тізбегі
0

20 қыркүйекте елімізде күн райы қалай құбылады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 17:10 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс облыстары антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады.

"Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады", - деді синоптиктер.

Синоптитер еліміз бойынша екпінді жел соғып, тұман түседі, түнде Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз  екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +15+17°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: