Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ұрлық пен алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар жасөспірім ұсталды

Заң бұзған адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 15:11 Сурет: ҚР ІІМ
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ауладағы футбол және ойын алаңдарынан ұялы телефондарды ұрлаған астаналық тұрғынды анықтады. Оған қоса, оның басқа жасөспірімдердің гаджеттерін алаяқтық жолмен тартып алғаны белгілі болды.

Елорда тұрғыны полицияға кешкі уақытта Қараменді би Шақаұлы көшесінің бойындағы футбол алаңында белгісіз біреудің оның кәмелетке толмаған ұлының сөмкесінен жасырын түрде құны 250 мың теңге тұратын Xiaomi Redmi 9A маркалы ұялы телефонын алып кеткені туралы айтып, арызданған.

Тергеу барысында 16 жастағы жасөспірім балалардың футбол ойнап, жеке заттарын қараусыз қалдырған тұрғын үйлердің аулаларын таңдағаны анықталды. Жасөспірімдердің ойыны кезінде футбол алаңдарына келіп, олардың сеніміне кіріп, тіпті олармен ойнаған.

Содан соң, олардың ойынға алданып қалған сәтін пайдаланып, жеке заттарына жақындап, ұялы телефондарын ұрлап, кейде телефон шалу үшін алдап шақырып, зардап шеккендердің көзінен ғайып болған. Оның көбіне өзінен кіші балаларды таңдағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның қылмыстың 6 оқиғасына қатысының бары дәлелденді. Қылмыстық ниетпен алынған смартфондарды ол кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатып жіберген.


Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдікті Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің криминалдық бөлімшесінің бастығы Жалғас Әбшекенов.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды ұдайы жүргізіп келеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: