Жаңалықтар тізбегі
0

Жел, шаңды дауыл, тұман: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жел, шаңды дауыл, тұман: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 16:21 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 5 мамыр күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауқымды антициклон ықпалынан республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында фронтальды белсенділіктің өтуімен күн күркіреп, кейде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысты тұман басады.

"Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Ұлытаудың шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Ақтөбенің солтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, топырақ бетінде 1-6 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с және одан да көп күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, топырақ бетінде -1-3° аяз, күндіз +12+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 8-13, 15-20, күндіз 25 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: