Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылып, күн суытатыны ескертілді

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 20:27 Сурет: pixabay
Синоптиктер 5 мамырда еліміздің 11 облысында ауа райы күрт бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 мамыр күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Абай облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендейді.  "Қазгидромет" РМК

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылордада  шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

5 мамырда түстен кейін Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың басым бөлігінде сынап бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде сынап бағаны -1-3 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады. "Қазгидромет" РМК

Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп болжанады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: