Текеліде арнайы операция кезінде есірткі сатушылар тобы ұсталды
Сурет: polisia.kz
4 мамырда Жетісу облысы Текелі қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасың жойды. 4 есірткі сатушы анықталып, марихуананың әртүрлі дозасын сату кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталады. Күдіктілердің әрқайсысың қаланың әр жерінде жеке-жеке ұстады. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізіліп жатыр". Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев
Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және "синтетика" деп аталатын есірткі заттары бар.
Сурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript