Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда есірткі сатушы мен порностудия қожайыны ұсталды

Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2022 11:50 Сурет: polisia.kz
Алматыда түнгі клубтардың бірінде арнайы операция кезінде есірткі сатушы мен порностудия қожайыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 жастағы В. есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон – 4 метилметкатинон (мефедрон) аналогы.

Сонымен қатар осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі – 26 жастағы М. есімді азаматқа қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді.

Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер, белгілі болғандай, есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық ықшам ауданында орналасқан.

Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар – нашақорлар. М. есімді азамат оларды есірткімен қамтамасыз етеді. Порнографиялық мазмұндағы бейнероликтер таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазіргі уақытта оның әрекетін ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешілуде. Негізгі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әлмағамбетов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: