Қызылорда облысында көлік жүрізушісі жаяу адамды қағып кетті
Сурет: әлеуметтік желі
Қызылорда облысында көлік жүрізушісі жаяу адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 3 мамырда Қызылорда облысы Төретам кентінде сағат шамамен 11:15-де болған. Audi маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Апат салдарынан зардап шеккен ауруханаға жеткізілді. Ол белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript