Қызылорда облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Сурет: zakon.kz
Қызылорда облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық басқарманың мәліметінше, қайғылы оқиға 7 наурыз күні кешке Жаңақорған кентінде болған.
Аталған факті бойынша 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) және 347-баптар (Жол-көлік оқиғасы орнынан кету) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.
Қызметкер құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығына қатысты ішкі аудит жүргізілді. Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілі сонымен қатар тәртіптік кеңестің шешімімен бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript