Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 16:51 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК 8 мамырдағы Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескертумен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жауын-шашынсыз ауа райы республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Қостанай облысының орталық бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады, Соққан желдің екпіні 15-20 м/с шамасында болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні - 15-20 м / с.

Қызылорда облысының шығысында және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда найзағай болады, күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, облыстың батысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, Петропавл қаласында да жел екпіні 15-20 м/с болады.

8-9 мамырда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Семей қаласы бойынша 7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда сағат 21:00-ге дейін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы алдында жарияланған ескерту өз күшіне қала береді.

7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы алдында жарияланған ескерту өз күшіне қала береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: