Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2023 10:23 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді, өйткені онда техника жете алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 8 мамырда сағат 12:42-де 101 пультіне Ленин ауылы мен аудан орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлама түсті.

Алайда жайылым суға толып кеткендіктен, өрт сөндіру техникасына баратын жол болмай, өртті сөндіру жаяу түрде оқпанды өрт сөндіргіштер, хлопушкалар көмегі арқылы жүргізілді. Ол жерге техниканың өту мүмкіндігі болмады.  

Өртті сөндіру барысында 3 өрт ошағы анықталды, көлемі - 30 гектар.

Өрт ошақтары сағат 16.35 оқшауланып, сағат 18.57-де сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: