Павлодарда қоқыс үйіндісі өртеніп, аумақты қою түтін басты

Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 01:55 Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодарда қоқыс үйіндісі өртеніп, жалын жалпы ауданы 1,5 гектар жерге тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"11 мамырда сағат 17:06-да Павлодарда Успен көпірінің артында қалалық қоқыс үйіндісінде түтін шығып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер полигонының жанып жатқанын анықтады", - делінген хабарламада. 

Өрт шыққан жерге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен 3 қызметкер, жергілікті атқару органынан 5 су тасу техникасы, "Эко Алем-ПВ" ЖШС 12 КАМАЗ, 5 жүктиегіш техникасы жұмылдырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: